- Негізгі бет
- Шолу
- Slim – артық...
Slim – артық салмақпен күресуге көмектеседі
iPhone-ға арналған Slim қосымшасының көмегімен салмағыңыздың өзгеруін бақылап отыру оңайлай түсті. Қазіргі көрсеткішіңізді екі тапқа жазып отырасыз да, нәтижеңізді көрнекті график арқылы көріп отырасыз.
Әдетте адамдар салмақ қуғанда күн сайынғы өлшенімдерін қағазға, жеке блокнотқа жазып отырады. Ондағы жазулардан күннен күнге азайып келе жатқан салмақ өлшемдерін көріп, арықтауға деген құлшынысы арта түсері анық. Оны енді Slim қосымшасы арқылы жеңілдетуге болады.
Басты бетте қазіргі салмағыңыздың жанында өзгеріс белгісі көрсетіліп тұрады. Осы сызық арқылы сіздің мақсатыңыз да айқындала түседі. Егер арықтауда ешқандай мақсат-мүдде көздемей, жай ғана талпынған болсаңыз, енді қосымша (приложение) арқылы сізде мақсат пайда болады. Бұл – сызықтың күн сайын төмендегенін көру. Өлшенгеннен кейін салмақпен қоса, таразыға тартылған күніңізді де көрсетуіңіз керек.
Slim – артық салмағыңызбен күнделікті айналысуға арналған таптырмас қосымша.
Ұқсас жазбалар:
Мінсіз мүсін үшін мына қағидаларды ұстану керек
Арықтағысы келетіндерге құнды кеңес
@. @assel_assanova