Skoda жаңа хэтчбегін таныстырды

Skoda жаңа хэтчбегін таныстырды

Чех компаниясы тұңғыш рет жаңа моделінің концептісін көпшілік назарына ұсынып отыр. VisionC деп аталатын прототип «Октавия» көлігінен өлшемі жағынан үлкендеу келеді. Өзінің кейбір пропорциялары мен дизайны жағынан ол Audi A5 Sportback автокөлігін көз алдымызға елестетеді. Бұл көлікті бәрінен бұрын лифтбек (бес есікті үлкен седан көлігі) деп айтсақ болатын шығар.

1

2

Әзірге көліктің нақты габариттері белгісіз болып отыр. Алайда кейбіреулер көліктің ұзындығы 4,7 метрді құрайды дегенді айтады. Ал біз салыстырып отырған Audi хэтчбегінде ол 4,711 метрді құрайтынын айта кетейік. «Шкоданың» жаңа көлігі люкс маркасына үміткер атанбаса да, шамдары мен ішкі келбеті, дөңгелектерінің ерекше дизайндарына байланысты бағасын көтермелейтін сияқты.  

3

Концепті капотының астында бензин мен газ отындарына қатар жұмыс жасайтын 1,4 литрлі турбомотор орналасқан. Мамандар оның күштік қондырғысы «Октавия» моделіндегідей болады деп отыр (немесе айырмашылық болған күннің өзінде, тым мардымсыз). Жаңа концептінің көпшілік алдындағы алғашқы таныстырылымы Женева автосалонында өтеді деп күтілуде. Ал жаңа хэтчбек көлігі жаппай сатылымға 2016 жылдан бастап шықпақ.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mail.ru

Б. Қосмағамбет