Сингапурда көлемі 1 Тб болатын өте жіңішке диск жасалды

Сингапурда көлемі 1 Тб болатын өте жіңішке диск жасалды

Сингапурлік A*STAR Data Storage Institute ғылыми зерттеу институтының мамандары әлемдегі ең жіңішке гибридті қатты диск жасап шығарды. Оның қалыңдығы бар-жоғы 4,98 миллиметрді құрайды. Ол қазіргі таңдағы қолданылып жүрген дисктерден 30%-ға жіңішке көрінеді. Жаңа модельдің көлемі - 1 терабайт. Бұл құрылғыны болашақта планшетті компьютерлер мен ноутбуктерде қолдану жоспарланып отыр.    

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, қарапайым дисктер 7 миллиметрді құрап, 500 гигабайт болатын ақпаратты сыйдыра алады. 

Гибридті қатты диск болса, 1 терабайт ақпаратты сыйдырып қана қоймай, оның флеш-жады да 32 гигабайтты еркін қабылдай алады. Жаңа гибридті қатты дисктің болашақтағы нарықтық бағасы да белгілі - 60 доллар. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru


Б. Қосмағамбет