Жуырда ғана Google компаниясының өзін-өзі басқаратын көлікті тәжірибеден өткізгені туралы жазған едік. Сингапур елінің мамандары Google автосының аналогын таныстыруды жоспарлап отыр екен.
Сингапурлық инженерлер Массачусетс Технология Институтымен (MIT) біріге жасаған жобасы өз нәтижесін бермек. Келесі жылы жоба аясында автономды көліктер Сингапур қаласында такси қызметін атқарады.
Такси қаланың барлық ауданына бармайды. Себебі, шаршы метріне 7000 адамнан келетін қалада көлік өз бағытынан адасуы мүмкін. Такси қызметі жолаушыларды әуежайлар мен вокзалдарға жеткізуге бағдарламаланады.
Қазір MIT мамандары көлікті адам көмегінсіз жүргізу жүйесін дамытуда. Енді көліктің бағдарламасына жаяу жүргіншіні анықтау мүмкіндігін қосу керек болады.
Сурет: hi-news.ru