Шымкентте қатты желден биіктігі 15 метр терек тоқтап тұрған көліктің үстіне құлады, - деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
Оқиға 19 маусымда Север шағынауданындағы №14 үйдің ауласында болған. Ешқандай зияны жоқ. Оқиға орнына құтқару жасағы шақырылды.
Оқиға салдарынан адамдарға зақым келмеген.
"Оқиға орнына қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі жұмылдырылды. Құтқарушылар ағаш кесетін бензинді араны қолданып, автокөліктің үстіндегі ағашты кесіп қауіпсіз жерге шығарып тастады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жергілікті атқарушы органдарының тазалау мекемесінің қызметкерлері ауланы әрі қарай жинастыру жұмыстарын жүргізді.