CF Møller бюросы ағаштан жасалатын зәулім үйдің жобасын HSB Stockholm 2023 сәулетшілік байқауында таныстырды. Сәулетшілердің айтуынша, мұндай ағаштан жасалатын құрылыс бетон мен темірден жасалатын үйге қарағанда арзан, қауіпсіз әрі оңай екен.
«Біз ағаштан үй жасай алмағанымыздың басты себебі нарықты бетон мен темір жаулап алды. Өндіріс енді ғана экология туралы ойлана бастады» дейді сәулетшілер.
CF Møller қызметкері, сәулетші Оле Йонссон ағаштың жеңіл және транспортировкасы арзан болуы себепті бұл материалдың пайдалы екенін айтады.
Алғашқы кезде құрылыста тек қана ағаш қолданылады десе де, оның қауіпсіз бола түсуіне аз мөлшерде бетон қолданылатын болыпты.
Ағаштан жасалған зәулім үй ішкі климаттың оңтайлы болуы мен керемет акустика туғызады екен. Ағаштың өзі сән ретінде қолданыста болғандықтан, қабырға бетін сылақпен жабу міндетті емес. Ағаш ауа өткізетін материал болғандықтан, ішкі ауа-райы адамға жайлы болады-мыс. Жаңа тұрғын кешенінде велосипедтерге арналған қойма, күн батареялары және кішігірім бақшалар болады екен.
Айтпақшы, CF Møller құрамынан бөлек сәулетшілік байқауда екі ұжым қатысуда. HSB Stockholm байқауының қатысушыларына сіз де фейсбук арқылы дауыс бере аласыз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru