- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- ШҚО-да іздеуде жүрген...
ШҚО-да іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
ШҚО полицейлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымда Семей қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Семей қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін қалалық сот шешімі бойынша іздеуде жүрген 34 жастағы қала тұрғынын ұстаған.
"Қылмыскер 2021 жылдың қарашасында пластикалық терезені қысу арқылы Семейдегі жекеменшік үйлердің біріне кіріп, одан жарты миллион теңгені және 140 мың теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 9 маусымда Өскеменде тағы бір қылмыскерді ұстаған. Ұлан ауданы бойынша пробация қызметінен ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін бұрын сотталған 38 жастағы ер адам жасырынып жүрген.
"Ол 2019 жылдың 6 қаңтарында таңғы уақытта танысымен бірге өскемендіктің пәтерін бұзып кірген. Пәтер иесін пышақпен қорқытып, күртешені, тонды, алтын бұйымдар мен 4700 теңгесін ұрлап, қашып кеткен. Сот үкім шығарып, пробация қызметінің есебіне алынған. Біраз уақыттан кейін ол бақылаудан қашып кеткен", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері екі қылмыскерді де ұстаған. Оларға қатысты сот шешім шығарады.
Д. Шәріпхан