- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Шағын оригами роботы...
Шағын оригами роботы пайда болды
Американың Массачусетс технологиялық институты (MIT) мен Германияның Мюнхен технологиялық университетінің ғалымдары жаңа микромашина жасап шығарды. Ол өздігінен әртүрлі жағдайда жүре алады. Сонымен қатар микромашина жүк тасымалдайды және қырға көтеріле алады. Кішкентай машинаның салмағы - 0,3 грамм, ал ұзындығы 1,6 сантиметр. Ол ПВХ (Поливинилхлорид) пен шағын магниттерден жасалған. Шағын оригами роботы ғалымдардың ғылымға деген жаңа көзқарасы нәтижесінде пайда болған.
Лазер ПВХ қағазының құрлымын әртүрлі бөлікке бөлген. Ол қағазға аздаған уақыт ішінде магнит арқылы еркін жиналып-ашылуына мүмкіндік береді. Шағын оригами роботының ішіне арнайы электромагнитті орауыш (катушка) орналастырылған. Ол магнитті әрдайым қуаттандырып отырады.
Оригами роботы 2012 жылдан бері жетілдіріліп келеді. Ол жақында АҚШ-тың Сиэтл қаласында роботехника мен автоматтандыру сұрағы бойынша өткен IEEE Халықаралық конференциясында таныстырылған.
Н. Нұрмаханұлы