«Bureau Rabensteiner» студиясының брендинг саласындағы мамандары әрқайсысы термосезімтал қара сиямен көмкерілген әрі ерекше қалыптағы бұрын-соңды болып көрмеген визит карточкаларын жасап шығарыпты.
Әлгі карточкаларға қолдың тиіп кетуі мұң екен, әп сәтте-ақ аппақ күйде қолтаңбаңыз қалатын көрінеді. Саусақ таңбасы былай тұрсын, сүйіспеншілігіңізді сүйіп те қалдыра алады екенсіз. Әйтеуір, бір жанасқаннан бір нәрсенің қалатыны ақиқат болып отыр.
Бұрындары бұл әдіс ара-тұра қолданылып келсе де, осы жолғы үлгісі пайдалану тұрғысынан әлдеқайда артық болып шыққан. Және осы жолғы үлгісін үлкен іскерлік мәселеде кездескен адамды таң-тамаша қалдыра алатын миниатюралық Полароидпен салыстыруға келетіндей. Ал бұл дегеніміз цифрлік спецэффектпен жасақталған жарты дүниедегі жасампаздыққа толы жаңа кереметтің бірі деуге келеді. Өз кезегінде жақсы күндерден қалған жақсы естеліктердің бірегейі болып сақталары сөзсіз.
Визит карточкасының әр данасы бір доллар тұрады екен.
сурет:trendhunter.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек