“EmoPulse“ компаниясы ұсынып отырған “The Smile” (“Езу”) атты смартфон иесінің денсаулығын үнемі бақылауда ұстап, ескертіп жүретін болады.
Барлық дерлік білек аппараттары секілді функциялық қызмет атқаратын жаңа өнертабыс білекке оңтайлы орала кетеді. Ең қызығы сол, “The Smile” (“Езу”) смартфоны иесінің көңіл-күй ауанын (оның ашуланғанын немесе көңілденгенін), шаршағандығын немесе тынығу керектігін, тамыр тынысын бақылай отырып, сол қатарда сізге ұйқы уақытының келгендігін де ескерте кетуді ұмытпақ емес.
Тіпті, түн ішінде де бақылауын доғармайды: “The Smile” түнде дене тынысының фазасын қадағалайды, келіп жеткен қоңырауларды шектейді және Facebook-парақшасына "ұйқы" деген статусты да қойып қоя алады.
"EmoPulse" ұсынып отырған “The Smile” смартфоны қолыңызда өмір сүрмек жалғыз ғана көмекшіңізге айналмақ.
Cурет:ladytech.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек