Техника алар кезде адамдардың көбісі «Мынаны алсам ба екен, мүмкін ананы алсам ба екен...» деген секілді таңдау алдында тұратыны белгілі және көбісі ақырында бір гаджет емес бірден бірнешеуін сатып алуға бел буады. Бірақ, сатып алынған гаджеттердің барлығы шамамен бірдей функциялармен қамтылғанына олар аса мән бермейді. Мейлі ноутбук, мейлі смартфон болсын, екеуінде де ортақ функция жетерлік.
Осы мәселені шешу жолында Прашант Чандра (Prashant Chandra) есімді дизайнер Lifebook ноутбугының тұжырымдамалық үлгісін жасап шығарды. Дизайнер өз тумасын жасаудан бұрын гаджеттердің бірін-бірі қаншалықты жиі қайталайтыны жайлы өзіндік зерттеу жұмысын жасаған екен. Мәселен, санды камералар смартфондарда да, планшеттерде де, ноутбуктерде де бар. Оның айтуынша, одан да бұл құрылғылардың бәріне ортақ алмалы-салмалы камера жасаған жақсырақ, әрі қаржы жағынан үнемді болады екен. Дәл осындай жағдай процессорлар мен кіріктірме қабылдағыштарға да (Bluetooth, Wi-Fi, 3G и GPS) қатысты.
Lifebook ноутбугінің тұжырымдамалық үлгісі ұялы телефон, планшет, фотоаппарат және аудиоплеерді қамтыған. Осылардың бәрі ноутбукті құрайды, алайда, қажет болған жағдайда әр бөлік өзіне тән функцияларды жеке де орындай алады. Әрине, Lifebook-тің өзінде де кейбір қайталаулар орын алған. Мысалы, Wi-Fi мен Bluetooth ұялы телефон мен планшетте де бар. Есесіне ортақ плеер мен камераның арқасында әрбір тұтынушы ақшасын айтарлықтай үнемдейтін болады.
Айта кетсек, аталған құрылғы алдағы жылы жаппай сатылымға шығуы әбден мүмкін.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: 3dnews.ru