- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Sedric – өзін-өзі...
Sedric – өзін-өзі басқаратын автокөлік
Женева автосалоны — 2017 шарасында Volkswagen компаниясы жүргізушіні қажет етпейтін жаңа көлік түрін ұсынды. Ол Sedric (self-driving car) Volkswagen деп аталады.
Sedric ғарыштық капсулаға ұқсайды. Ол бір мезгілде төрт жолаушы тасымалдай алады. Көлік салоны шағын қонақүй іспетті жасалған. Онда плазма мен ауа тазалағыш орналастырылған. Көлікті жүргізуге ешқандай адамның қажеті жоқ.
Компанияның атқарушы директоры Маттиас Мюллер автоматтандырылған көлік жасауға бірнеше миллиардтаған евро қаражат жұмсалатынын және 2025 жылға қарай 30 электромобиль шығарылатынын атап өтті.
Жүргізушіні қажет етпейтін көлік нұсқасын алғаш Google-дің Waymo компаниясы ұсынған болатын. Бұл жолда еңбектеніп жатқандар қатарында Mercedes-Benz, Toyota, Ford, Tesla, Uber Audi, Nissan компаниялары да бар. Ал, Uber 2016 жылы Сан-Франциско қаласының көшелеріне автоматтандырылған көліктің бірінші партиясын шығарған болатын.
А. Оралқызы