«Сайтанның көлігі» аталып кеткен атақты Excalibur

Mercedes-Benz CL-класс – немістің Mercedes-Benz автокөліктерінің бір сериясы. Дәстүр бойынша, автокөлік S-классының нұсқасындағы седанның мәнерінде құрастырылады екен.

Бұл - Аудронис Гестаустастың жобасы. Тұңғыш рет CL-класстары 1950 жылдары шығып қойған, десек те Comfort Leicht Klasse нұсқалары тек 1996 жылы ғана сатылымға жіберілген. CL-класстары басқа «ағайындарына» қарағанда сыртқы стайлингі спорттық стильде жасалады және бұл маркадағы ең қуатты қозғалтқыш қойылады. Сондықтан да, бұл S-классындағыларға қарағанда бұл «Меридің» бағасы аспандап тұр.

Жоба 2008 жылы басталған-тын. 2010 жылы, екі жыл өткенде Top Marques Monaco драйв-сынағынан сәтті өткен болатын. Шындығын айтсақ, акула BMW-ге көбірек ұқсайды. Алдыңғысы 24 дюйм, ал артқысы 30 дюйм болатын дөңгелектер өзінің басқа маркадағы туыстарында болмаған. Көлік ішіндегі барлық батырмалар Swarovski бағалы тастарымен ауыстырылған. Қолданушы эмблемалары тіпті 24 каратты алтынмен апталған деседі. Сонымен қатар, жүргізушіге көмек болатындай етіп, 8 бірдей камера орнатылған екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/4H2J0DtE6nY?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"280"});

Ал сіз қандай көлік армандайсыз?

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fishki.net