Қазақстан экономикасына мұнай дағдарысының әсерін бүкіл ел болып сезіндік. Бұл елдің альтернативті инновациялық жобаларды дамытуға итермелегені анық. Себебі үкімет бір экономикалық сектордық қарқындап дамуы тұрақсыздыққа алып келетінін түсінді. Енді екінші жоспарға қалып қойған өзге де инновациялық жобаларға назар аударыла бастады.
Digital Kazakhstan жобасы аясында Қазақ қоғамы 2020 жылға қарай сандық ақпараттандырумен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жоба аясында елімізде үшінші өндірістік төңкеріс жасаулы тиіс. Нақтырақ айтар болсақ, "зерттеу және дамыту" арқылы елімізде автоматизация, рототтық технология, жасанды интеллект, Big Data және өзге де технологиялық үдерістер қамтылмақ.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері жоспарлы экономикадан нарыққа бағыт алуды үйренді. Маңызды саяси және экономикалық шешімдер арқылы еліміз саяси тұрақсыздықтан, азаматтық әрі қаржы дағдарысынан аман өтті. Ендігі негізгі бағыттардың бірі сандық технологияны дамытып, қоғамға қажет ақпаратты қолжетімді ету болып саналады.
Digital Kazakhstan жобасы отандық IT өнімдерге маңыздылық танытпақ. Стартапты R&D орталығына немесе алып корпорацияға айналдыру үшін қазақстандық Силиконды алқап жұмыс істеуде. Халықаралық технологиялық паркі еліміздің түрлі аймағынан IT стартаптарға қолдау көрсетумен айналысып келеді.