Концептуальдылыққа иек артатын суретші Лиза Парктың дулыға негіздегі арнайы жасақталған “NeuroSky EEG” қондырғысы мидың белсенділігін ақпарат ағынына айналдыруға көмектеседі.
Ғылыми зерттеулерде ғана қолданылатын қондырғыны Лиза көркемөнер тудыру жолында сынап көрмекші.
Парк дулығаны басқа кию арқылы альфа, бета, дельталарды, өз миының тетатолқындарын, және де көз алмасының қозғалысын оқуға тырысады. Сосын бес динамик арқылы жеткізілген ақпарды арнайы бағдарламалық жабдықтардың көмегімен дыбысқа айналдырады.
Cурет:ca.news.yahoo.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек