Samsung ойлау жүйесімен басқарылатын технология әзірлеуде

Samsung ойлау жүйесімен басқарылатын технология әзірлеуде

Samsung компаниясы жақында шығарған Galaxy S4 смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп жатқан көрінеді. Нақтырақ айтсақ, компания ойлау жүйесімен басқарылатын технологияны жетілдіріп, іске қоспақ.  

Samsung бұл жұмысты Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп атқаруда. Жаңа жүйе мүмкіндігі шектеулі жандарға да таптырмас құрал болғалы отыр. Технология бас киім, Galaxy Note 10.1 планшеті және арнайы қосымша көмегімен жүзеге асатын болады.  

Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады.  

Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдау үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасап тұр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: galaxy-droid.ru 

Б. Қосмағамбет