Samsung компаниясы Galaxy S IV смартфонын Нью-Йоркте таныстыратын болды

Samsung компаниясы Galaxy S IV смартфонын Нью-Йоркте таныстыратын болды

Samsung компаниясы өзінің жаңа Galaxy S IV смартфонын 14-наурызда Нью-Йоркте көпшілікке таныстыратын болды. 

Samsung компаниясы хабарлағандай, дәл осы қаланың таңдап алынуы көпшілік американдық операторлардың сұранысына сай жасалған екен. Осыған дейінгі Galaxy S смартфонының алғашқы өнімдері де 2010 жылы АҚШ-та таныстырылған еді. Ал Galaxy S III болса, 2012 жылы Лондонда көпшілік назарына ұсынылды. Samsung өзінің жаңа смартфонына төрт ядролы процессор мен үлкен мүмкіндіктегі экран орналастырады деген ақпарат бар.  

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың қаңтар айында Лас-Вегаста өткен CES көрмесінде компания 5,5-дюймды және 1280-ге 720 пиксельді экраны бар майысқақ смартфонды әлімдік нарыққа таныстырған еді. Ол осы жылдың жаз айында сатылымға шығады деген жорамал бар.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alfa.kz 

Б. Қосмағамбет