Samsung компаниясы Apple-ға миллиард доллар айыппұл төлейді

Samsung компаниясы Apple-ға миллиард доллар айыппұл төлейді

Сан-Франциско соты Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы iPhone және iPad құрастыру кезінде америкалық Apple корпорациясының технологияларын ұрлады деген шешімге келді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Осылайша Samsung Apple-ға 1,05 миллиард доллар көлемінде компенсация төлейтін болды. Дегенмен Оңтүстік Кореялық ұжым соттың шешіміне разы болмай, аппеляцияға беретіндіктерін айтуда. Айта кетелік, соттың шешімі қалпында қалар болса, Samsung-тың көптеген өнімдері нарықтан жойылатын болады.

ва

Қос компанияның егіз өнімі

Apple компаниясы өзінің арызын 2011 жылдың сәуір айында тастап, келтірілген шығын үшін Samsung-тан 2,5 миллиард доллар талап еткен болатын. Оңтүстік Кореялық компания өз кезегінде Apple-ға сымсыз байланыс технологиясын ұрлады деген айып тағып, корпорацияның үстінен қарсы арыз беріп, шығынның орнын толтыру мақсатында 399 миллион доллар талап етті.

Apple қорғаушыларының айтуынша, 2007 жылғы шыққан iPhone-нан кейін Samsung компаниясы дизайн кризисіне ұшырап, осы тұрғыда америкалық смартфондардан идея ұрлай бастады. Ал кореялық ұжым бұл айыптың негізсіз екендігін айтып, үлкен экранды телефондар Apple-дың өнертабысы емес, заман талабы деген пікір айтып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zedomax.com сайтының иллюстрациясы, usemac.ru