Samsung иілгіш экранды смартфон жасап шығармақ

Samsung иілгіш экранды смартфон жасап шығармақ

Samsung компаниясы әлемде бірінші болып иілгіш экранды телефон жасап шығармақ. Яғни оны оп-оңай екіге бөле аласыз. Одан соң, қалтаңызға салуға да ыңғайлы болады. 

Сарапшылардың сөзінше, телефон экраны жарық шығарушы диодпен жабдықталып, пластик немесе металл фольгага орнатылады. Мұндай экран Samsung Galaxy S4 телефонына орнатылуы мүмкін.   

Инновациялық жаңалыққа ие осындай телефон нарыққа 2013 жылдың шілдесінде шығуы мүмкін деп жоспарланып отыр. Samsung өкілдерінің сөзінше, ұялы телефон жеңіл, мықты болып қана қоймай, оның бағасы да арзан болмақ. Телефон бағасының арзан болу себебі экран бетіне қолданылатын әдеттегі шыны орнына экономикалық тұрғыдан тиімді пластиктің орнатылуы болып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news-iron.ru

Б. Қосмағамбет