Сағат қанша болды? Иіскеп көр...

Сағат қанша болды? Иіскеп көр...

Бір нәрсені иіскеу арқылы сағаттың қанша болғанын анықтауға бола ма? Әрине, уақытты жаңа ғана қайнатылып дайындалған ыстық кофенің иісімен анықтауға болар. Немесе пісіріліп жатқан астың иісіне қарап та оның түскі немесе кешкі екендігін ажыратуға әбден болады. Бірақ олардың барлығы да тек жай болжамдарға негізделген. Олардың ешқайсысы да сізге уақыттың нақтылығын анықтауға мүмкіндік бермейді.

1

Өнеркәсіптік дизайнер әрі информатика пәнінің мұғалімі Айзен Каро Чацин (Aisen Caro Chacin) қызықты «уақыт-иіс» идеясын тыңғылықты зерттепті. Сол еңбегінің нәтижесінде ол сағатты иесіне түрімен немесе дыбысымен емес әртүрлі иіс шығару арқылы білдіретін Scent Rhythm қол сағатының концептісін жасап шығарды.  

2

Әзірге Scent Rhythm – өндірістік жолға қойылмаған, жоспарсыз жай ғана қызықты концепт ретінде ұсынылып отыр. Алайда жобаның кейбір детальдары шешіліп, қаржы жағынан мәселелері ретке келтірілетін болса, оның міндетті түрде біздің өмірімізден орын алары анық.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: aisencaro.com

 

Б. Қосмағамбет