Russia Today (RT) 3D жаңалықтарын тарата бастады (видео)

Russia Today (RT) 3D жаңалықтарын тарата бастады (видео)

Russia Today телеарнасының араб нұсқасы студиясында тікелей эфирдегі жаңалықтар 3D форматта тарай бастады. Онда көрермендерге әскери ұшақтар, атқыш танктер мен жарылыстар шынайы өмірдегідей көрсетілді. Ал жаңалықтар жүргізушісі болса, пиджагіне тиген жарылыс ұшқындарын қолымен қағып түсіріп, жаңа форматтың шынайы әсерін тіптен күшейтеді. 

RT телеарнасы араб нұсқасының көрермендері 3D жаңалықтарын көру кезінде тіпті жүргізушінің не айтып жатырғанын да аңдамапты. Экран бетіндегі жүргізуші Израиль жөнінде айтып бастағанда, әскери ұшақтар студияға зымырап келіп, бомбалай бастайды. 

Бұл оқиғадан соң, жүргізуші шаң мен ұшқындардан босап, келесі сюжетке кіріседі. Осы кезде сириялық жартылай талқандалған қала арасынан шыққан танк студияға келіп ат басын бұрады. Қарап тұрмай, көрермендерге де оқ жаудырып үлгереді. 

Жаңалықтарды берудің тың әдісі Ресей президенті Владимир Путинді де таң қалдырыпты. Араб жаңалықтарын көрген соң, президент: "Бұл мені қатты қалдырды!" – деп ағынан жарылған. Бұл 3D жаңалықтарымен жасалған бейнеролик 153 мыңнан астам көрілім жинап үлгерді.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: upmonitor.ru

Б. Қосмағамбет