ROPITS: өздігінен жүретін көлік

ROPITS: өздігінен жүретін көлік

Жапонияның Hitachi компаниясы жүргізушінің көмегінсіз қозғалатын ROPITS автомобилін жасап шығарды. Көлік қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Темір тұлпарды шақыру үшін планшет қана керек болады. Қалған жұмысты көліктің өзі атқарып, жолаушыны белгіленген жерге апарады.

Автокөлік камера, GPS, сонымен қатар, жолдағы кедергілерді байқап, оларды айналып өтуге мүмкіндік беретін сенсорлармен жабдықталған. Жылдамдығы  - 6 км/сағ.

Көліктің ұзындығы 160 см, ені 70 см. Қысқа маршруттарға арналған ROPITS кеше, яғни, 12 наурыз күні Цукуба қаласында көпшілік назарына ұсынылды.

п

о

ол

л

Дайындаған. Еркебұлан Қайрахан

сурет: zhelezyaka.com

Massaget