Робот-шаян

Оңтүстік Кореяда мұхит түбін зерттеуге арналған робот-шаян құрастырылды. Ол биылғы жазда тұңғыш рет су астына түсіріледі деп жоспарланған. Smart көлігінің өлшемімен бірдей ол кемелердің апатқа ұшырау кезінде мамандарға үлкен көмегін тигізеді деген сенім бар. Ол ағыс жылдамдығы 1,5 м/с болатын суда да еш қиындықсыз жұмыс жасай алады. Crabster аталған робот оңтүстік кореялық KIOST университетінің мамандарымен екі жыл бойына жасалған екен. Ал осы айдың ортасына қарай ол Жапон теңізіне сынақ ретінде түсіріліп, алғашқы миссиясын орындауға тырысып көрмек. Ол онда 200 метр тереңдікте болады деп жоспарланған. Ғалымдар осыған дейін роботтың кішірейтілген моделін сынақтан өткізіп көрген болатын.

Робот жалпы саны 30 мүшеден тұратын алты аяқпен жабдықталған. Шаяндағы сияқты онда да алдыңғы аяқтары барынша жетілген. Ол объектілерді ұстауға және онымен жұмыс жасауға арналады. Робот кез-келген кішкене затты қолымен ұстап, оны алдында орналасқан қоржынына сала алатын қасиетке ие. Одан бөлек Crabster роботында 10 камера мен гидролокатор бар. Робот қуат көзін кабель арқылы су үстіндегі кемеден алып отырмақ. Сондықтан ол 24 сағат бойы жұмыс жасай алады. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/SwbAnGcoIBY#at","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com