Робот-бүрге

Бүргелер өз өлшемінен 100 есе ұзын қашықтыққа секіре алады. Оның бар құпиясы артқы аяғында орналасқан "серіппесінде" жатыр. Ол эластикалық протеин резилиннен тұрады. Секіріс жасар алдында бүрге бұлшықеттерін жиырып, алдын ала "серіппесін" дайындайды. 

Бүргелердің бұл техникасын Сеул Ұлттық университетінің ғалымдары өз жаңалықтарына пайдаланып, робот-бүрге жасап шығарды. 

Робот-бүргенің серіппесі нинитол атты балқыма материалдан жасалған. Балқыма екі түрлі жағдайда жасалған. Біріншісі қызу кезінде, екіншісі электр тогын өткізу кезінде.  

Шындығында, ғалымдар жасаған робот-бүрге мүмкіндігі жағынан жаратылған шын бүргеден қалыңқы. Робот 60 сантиметр биіктікке секіре алады. Бұл робот денесінен 30 есе ұзын деген сөз.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru