Автоматты МАСТЕР телескопымен жұмыс жасайтын ресейлік ғалымдар Юпитер мен Марс аралығында орналасқан жаңа астероид тапқан. Оның өлшемі бар-жоғы 1,5 мен 2 шақырым аралығында екен.
Ғалымдар жаңа астероидты 2012 VG82 деп атап отыр. Табылған астероид Иркутск мемлекеттік университетінің полигонында орналасқан телескоп арқылы табылды.
Астрономдардың айтуынша, бұл жаңалық астероид Жерге барынша жақындап келгендігі арқасында ашылып отыр. Шындығында аспан денесінің Жерден қашықтығы 110 миллион шақырымды құрайды екен.
Ғалымдар хабарлағандай, аталған астероид Жерге ешқандай қауіп төндірмейді. Оның себебі 2012 VG82 орбитасы Жердікімен еш жанаспайтындығы болып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: the-day-x.ru, gizmodo.com.au