Фукусима-1 атом электр станциясында болған жан түршігерлік жарылыстан кейін Жапония мен бүкіл әлем, қоршаған ортадағы радиационды шуды жиі-жиі өлшей бастады. Қоршаған ортаның радиационды жағдайын білу үшін арнайы дозиметрсіз ақ, қарапайым смартфонның көмегіне жүгінуге болады. Қазіргі кезде смартфонның немесе планшеттің аудио тіркеуішіне қыстырылатын арнайы радиация деңгейін өлшейтін модульдер көптеп пайда болып жатыр. Қарапайым жағдайда модуль Гейгер санауышы мен күшейткіштен тұрады. Ал қоршаған ортаның радиационды сәулелену көрсеткішін дәл білу үшін смартфонға арнайы бағдарлама жүктеледі. Смартфондарға арнап, бағдарламаларды жазатын Rolf-Dieter Klein компаниясы қосымша модульдерді талап етпейтін, Android ОЖ жұмыс істейтін Radioactivity Counter бағдарламасын халыққа ұсынған. Сәулелену датчигінің рөлін камера сенсоры өзіне алады. Камераның объективі тек гамма сәулеленуді анықтайтын пленка жабыстырылады.
Сенсорға арнайы баптау өткізгеннен кейін камера қосылып, белгіленген уақыт аралығында объективке «түскен» гамма сәулелену бейнеге жазылады. Құрастырушылардың сөздеріне сенсек камераға жабыстырылған пленканың көмегімен интенсивтілігі 1 микроГрейден 10 Грейге дейінгі сәулеленуді байқауға болады.
Бірақ өлшеулердің дәлдігі көптеген факторларға тәуелді. Атап айтқанда: қоршаған ортаның температурасы, камералардың ерекшеліктері мен объективтегі «шуыл». Осындай ерекше құрылғының авторлары өз өнімін Гельмгольц зерттеу орталығында зерттеген.
Сурет 3dnews.ru сайтынан