1950 жылы Zenith компаниясының белді инженерлері "Жалқау" атты алғашқы алыстан басқару пультін ойлап тапқан еді. Бұл техникалық дағдарыстың үлкен қадамы болатын. Бірақ "Жалқау" теледидарға сымның көмегімен жалғанды. Бұл жайт өнертапқыштар мен көптеген адамдардың наразылығын тудыратын. 1955 жылы осы оқылықтың орнын Zenith инженері Юджин Полнидің құралы толтырды. Бірақ Полнидің де өнертабысы қолданысқа ыңғайсыз болып шықты. Арналар теледидарға бағытталған сәуле көзі мен пульттің үстінде орналасқан дөңгелек дисктің көмегімен алмастырылатын. Ал теледидардың әр бұрышында ауыстырып-қосқыштың функциясын атқарған фотоэлемент орналасатын.
Макдональдқа бұл да аз көрінді. Ол қоластындағы барлық инженерлерді жинап алып, жаңа заманауи талаптарды толықтай қанағаттандыратын алыстан басқару пультін құрастыруға қаулы берген. Жаңа зерттеулер мен құралдар құрастыру басқармасын Роберт Адлер басқаратын. Zenith компаниясында өзінің жұмыс мансабын 1941 жылы бастаған инженер жаңа құралдың негізі ретінде радиотолқындарды қолдануды ұсынды. Толқындар қалың қабырғалардан өтіп, көршілес тұрған теледидарды да басқара алатын. 1980 жылдары техно өнеркәсібі толығымен инфрақызыл сәулелі пульттерді құрастыруға көшіп, жаңа заманауи үлгілердің құрылысы бір сәтке де тоқтамады.
1997 жылы Адлердің ойлап тапқан құрылғысы Американдық академияның Emmy жүлдесіне ие болған. Қазіргі таңда барлық теледидарлар мен түрлі техникалық құрылғылар алыстан басқару пультімен жабдықталады. Ал бірнеше онжылдық бұрын бұл туралы тек армандауға болатын.
Роберт Адлердің жарының айтуынша, пульт өнертапқыштың сүйікті құрылғысы болмады. "Ол теледидарды өте сирек көретін. Көбіне кітап оқуды ұнататын".
Роберт Адлер 180 өнертабыстың авторы.
Роберт Адлер
Сурет: forum.ixbt.com, computerra.ru