Бүгін, яғни, 27 наурыз күні, Астана уақытымен саған 01:06-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» екпіндеткіш блогымен жұмыс істейтін «Протон-М» зымыран тасығышы ұшып орбитаға «СатМекс-8» ғарыш аппаратын шығарды.
«СатМекс-8» ғарыш аппараты Ku- және С- диапазонында Америка территориясында телехабар таратуға арналған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wiVENGzms3E","width":"450","height":"240"});
«Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылу сәті
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін ғарышқа "Экспресс-МД2" және Telkom-3 байланыс спутниктерін шығаруға тиіс боған "Протон-М" ракета тасымалдағышының ұшырылуы сәтсіз аяқталғандығын айтқан болатын. Апаттан кейін орталық мамандары бұған себеп болған - "Бриз-М" екпіндету блогында орын алған қателіктер екендігін айтып еді.
Бірнеше күннен соң агенттіктің жаңа басшысы Владимир Поповкин "осы уақытқа дейін шығарылған "Бриз-М" екпіндеткіш блоктарының барлығын тексеруден өткізу туралы шешім қабылданғандығын, бұдан былай әрбір екпіндеткіш мұқият тексеруден өтетіндігін"айтып, "Бриз-М" блогының барлық партиясын жарамсыз деп тапқан еді.
Айта кетелік, "Бриз-М" екпіндету блогы Хруничев атындағы орталықта құрастырылып шығып жатыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sdnnet.ru