PowerPoint-ті алмастыра алатын 5 сервис

PowerPoint-ті алмастыра алатын 5 сервис

PowerPoint-пен жасалынған презентация тым қарапайым көрінуі мүмкін. Сол үшін қандай да бір кедергіге тап болмас үшін нағыз презентация жасап шығуға көмектесетін 5 сервисті ұсынамыз.  

PREZI

Бұл – PowerPoint-тің ең әйгілі альтернативасы. Осы қызметті жасап шығушы архитектор әрі дизайнер Адам Сомлай-Фишер 2009 жылы қарапайым презентациялардан алыстау жолын алғаш болып тапқан адам. Бастапқыда қызметтің ерекше бизнес-моделі болыпты: қолданушылар өз презентацияларын басқа қолданушылардың көруіне шектеу қою үшін ақша төлеп келсе, қазір компания «фримиум» жүйесі бойынша жұмыс істейді, яғни, қолданушылар функциялардың көбейгендігіне байланысты төлейді.

Prezi-де слайдтар орнына, барлық ақпаратты (мәтін, фотосурет, видео, иллюстрация) көшіріп, оларды еркін түрде көрсетуге болатын алаң берілген. Барлық элементтерді қажеттігіне байланысты жақындатуға, айналдыруға,  бір сөзбен айтқанда, анағұрлым жанды және болжап болмайтын презентация жасауға мүмкіндік береді. Prezi-ді қолданудың ең танымал үлгісі – Криса Андерсонның TED-тағы «How Web Video Powers Global Innovation» тақырыбы.

Компания бүгінде өз сервисін одан әрі жетілдіруде: мұнда жаңа қызметтердің жаңартылған тізімін көруге болады. Мысалы, сіз Prezi парақшасынан кетпей-ақ, Google-дан сурет тауып, оны өз презентацияыңызға қоя аласыз. Сонымен қатар, басқа бағдарламаның көмегіне жүгінбей-ақ, фотоларды өңдеуге (мәселен, фотосуретті кесу) болады.

PowToon


PowToon – бұл анимациялық презентациялар мен видеолар жасауға мүмкіндік беретін сервис. Оны 2012 жылы Илья Спитальник және Даниэль Затуранский жасап шықты және сол жылдың желтоқсан айында олар өздеріне 600 мың доллар көлемінде инвестиция тартты. Аталған сервис те «фримиум» әдісі бойынша жұмыс істейді. Сайтта тіркелгеннен соң, қолданушы фонға, дыбыс әсерлеріне (эффект), кейіпкерлерге арналған шаблондар коллекциясына рұқсат алады. PowToon қандай да бір өнім жайлы айтылатын ролик жасауға, стартап-презентацияға немесе сайттың басты бетін жасап шығуға әбден жарайды. Сервистің басты артықшылығы ретінде графиканың айтарлықтай стильді болып, кейіпкерлер санын және оларды өзара байланыстыра алу мүмкіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, дайын болған видеоны YouTube-ке салуға немесе MP4 форматында сақтауға болады. Сервис мультипликаторларға қарапайым болғанымен, шағын бизнес иелеріне керектінің дәл өзі.

SlideRocket

SlideRocket – бұл PowerPoint секілді слайд жүйесіне негізделген презентация жасауға арналған онлайн-платформа. Ерекшелігі, SlideRocket-те жасалған слайдтар ыңғайлы, жарқын және алуан-түрлі келеді. Бұл осы топтамадағы ең қымбат сервис болып есептеледі: сервистің барлық мүмкіндігін қолдану үшін жылына 360 доллар төлеу қажет. Тегін аккаунтар мүмкіндігі барынша шектелген. Ақылы жазылым арқылы көптеген қызықты функцияларды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, презентацияны ортақтаса отырып жасау, флэш-анимация, сондай-ақ, YouTube-тан көшіре алу.

Keynote


Құны 9,99 $ болатын Keynote қосымшасы арқылы қалаған презентацияны Mac, iPad не болмаса iPhone құрылғыларында жасауға болады. Егер сізде Apple гаджеттерінің бірнешеуі болған жағдайда, бір құрылғыда жасалған өзгерістердің бәрі автоматты түрде барлығында өзгеріске ұшырайды. PowerPoint-тан Keynote-қа ауысу қиынға соқпайды, себебі, бұл жерде де слайд жүйесі қолданылады. Сонымен бірге слайдтарға кесте, диаграма, мультимедиялық объектілерді, iTunes-тен музыканы  қосуға болады. Тағы бір ерекшелік ретінде үш өлшемді, анимациялық диаграмма жасауға болатынын айта кеткен жөн. Және де презентация үстіне өз дауысыңызды жазып қою мүмкіндігі де қарастырылған.

Piktochart


Piktochart – бұл малайзиялық стартаперлердің жасаған веб-қосымшасы. Презентациялар инфографика күйінде жасалынады. Түрлі графикалар, карталар, иллюстрациялар, кестелер – сайтта берілген барлық шаблондар PowerPoint-тың қызықсыз да көріксіз слайдтарынан едәуір ерекшеленеді. Қосымша интерфейсі ыңғайлы және интуитивті түрде түсінікті: қолданушы берілген шаблондардың ішіне мәтінді қою керек, ал жүйе қалғанын өз мойнына алады. Piktochart-та базалық аккаунт тегін, ал кәсіби құны 99 доллар. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: hopesandfears.com

Ж. FM