Пинг-понгты машинамен ойнайық

Адам баласының қиялында шек болған ба? Ерте заманнан бері адамзат жаңа жобаларды іске асыруда талмай еңбектеніп келеді. Үлкен өлшемдерге деген адамның құштарлығын немен түсіндіруге болады? Дүниежүзінің түкпір-түкпірлерінде орналасқан биік зәулім ғимараттарды не үшін соққан? Біздің ойымызша, адам баласы осылайша өзінің алып-күшін, беделін көрсетпекші.

Пинг-понг, яғни үстел теннисі ойынымен таныс шығарсыз. BBDO жарнама агенттігі теннис ракеткалардың орнына ойын контроллерлері ретінде электр қозғалтқышпен жабдықталған екі Smart Fortwo машиналарын қолдануды ұсынып отыр. Көліктердің алға және артқа бағытталған жүрістері үлкен дисплейдегі "көлік-ракеткалардың" бағытын көрсетеді. Бұл жобаның мақсаты көліктердің техникалық мүмкіндіктерін болашақ сатып алушыларға көрсету болып табылады. Бұл жағдайда көліктердің жылдамдығы басты рөл ойнап отыр. БІр қызығы, жоба ұйымдастырушылары ойын-бәйгеге кәсіпқой пилоттарды шақырмай, жиынға келген кім-кімге де көлік тізгінін басқару мүмкіндігін берген. 

Бұл жоба Германияның Франкфурт қаласында өткізіліп, жиынды көру үшін  шамамен 520 мың адам келген екен. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/FDusidt8u60?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"335"});

Сурет: 3dnews.ru