Әріптердің «QWERTY» стандарты бойынша орналасу логикасын жетік түсіну үшін бізге 19 ғасырдың соңына сапар шегу қажет. Неге десеңіз, дәл осы уақытта Кристофер Шоулз есімді өнертапқыш алғашқы баспа машинкасын жасап шығарған екен. Ол уақытта баспа машинкаларында әріптердің орналасуы тек әліппе тәртібінде болған. Алайда, уақыт өте өндіруші мәтін теру кезінде қатар тұрған екі әріпті басқанда баспа машинкасында әріп жазуға арналған металл доғалардың өзара ілінісіп қалатынын байқаған.
Аталған мәселені шешу жолында К. Шоулз ағылшын сөздеріндегі әріптер ең жиі кездесетін комбинациялардың тізімін жасап, әріптердің жаңа орналасу тізбегін жасап шығарады.
Ал 20 ғасырдың 40 жылдары баспа машинкаларын компьютерлер ығыстыра бастағандықтан, пернетақтада әріп орналасуын әліппе тәртібіне қайта ауыстыру мүмкіндігі пайда болады, дегенмен бұл жолы да өзіндік қиындықтар туған: баспа машинкасында мәтін терушілерге компьютердегі алфавиттік тәртіпті үйрену тура келген. Алайда, компаниялар қызметкерлерінің қайта оқыту бағдарламаларынан өтулеріне қаржы жұмсауды жөн көрмей, әріп тәртібін сол күйде қалдыруды ұйғарған.
Міне, байқағаныңыздай мәтін теруде кездесетін қиындықтар тікелей баспа машинкаларымен байланысты. Дегенмен, біздің «QWERTY»-ге үйренгеніміз соншалық, оны тіпті ұялы телефондарға да енгізіп үлгердік.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: creep.ru