Павлодарда қарызын қайтармаған әйелге нәжіс лақтырған ер адамның ісі сотта қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаладағы оңтүстік полиция бөліміне Ж.Аймауытов атындағы саябақта сөмкедегі нәжісті танысына лақтырған ер адамның атына шағым түсті. Әйел қарызын қайтармаған соң күдікті осындай әрекетке барған.
"Ер адамның кім екені анықталды. Ол - Павлодар тұрғыны. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар қаласы ПД Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.