- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында Мәдениет...
Павлодар облысында Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылым мәліметінше, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеу жұмыстарын бастаған.
"Ол кәсіпкермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктіге қатысты соңғы шешім оның кінәсіне байланысты анықталып, тергеу нәтижелері бойынша қабылданады", - деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дамир Тәуекел.
Сондай-ақ, департамент өкілі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына бойынша тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жарияланбайтынын айтты.
Ж. Қадыржанова