- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Парижге жүзіп баратын...
Парижге жүзіп баратын қайық
Carlo Ratti Associati атты италиялық фирма дене сымбатын қалыпқа келтіріп, қаланың сұлулығын тамашалау үшін креативті қайық жасауды қолға алған. Жобаның нобайына қарасақ, қайық Сена өзені арқылы Парижге жүзіп барады. Бір қызығы, қайықтың ескекшісі жоқ.
Дене шынықтырамын деген кез келген азамат спорт киімін алып, қайыққа келіп, ішіндегі велосипедтермен, дене шынықтыру құралдарымен шыныға алады. Әр шынықтыру құралының қуаты мен адамның қуаты әсерінен қайық жылжып отырады екен.
Қайықтың ұзындығы 20 метрді құрайды. Мұндай көлемге бар-жоғы 45 адам сияды. Жаттығу залынан бөлінген қуаттың бір қайықты қозғай алу-алмауы мүмкін емес дейтіндер қайықтың жасалып бітуін 18 ай күтуі тиіс.
Аталған жобаның авторы Карло Ратти бұл идея туралы «Парижге тек Эйфель мұнарасы үшін көруге келетіндер саны артатын болды» дейді. Ия, венециялық ескекті қайықтарды осындай жаңалықтар алмастыра алар ма екен?!
Г. Берік