Өзбекстанның Artel Electroniks компаниясы смартфондар шығаруды бастады.
Artel моделінің 5 нұсқасы, смартфон моделінің 2 нұсқасы 20 желтоқсанда сатылымға шығарылатын болды. Компания ұялы телефон құрастыруда Жапонияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Малайзияның үлгілерін пайдаланады.
Әзірге компания қуаты жылына 2 миллион телефон жасауға шамасы жетеді. Ал 2012 жылғы шыққан қалтафондар саны 40 мыңға жеткен.
Artel Electroniks компаниясы ағымдағы жылдың басында тұрмыстық техника шығарумен айналысуды бастаған еді. Қазірде Ташкент қаласында теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы, газ плитасы, желдеткіш секілді заттар шығарылып келеді.
Десек те, әлемдік көшбасшылардың Өзбекстандағы саудасына бұл өндіріс ешқандай да бәсекелестік келтіре алмайды дейді сауалнамаға жауап бергендер.
Жалпы Өзбекстандағы 30 миллион азаматтың 27 миллионы қалтафон тұтынушылары болып саналады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: narodnoeslovo.uz