Өз қолыңмен телефон жаса

Өз қолыңмен телефон жаса

Иә, иә бұндай телефонды да өз қолыңызбен жасай аласыз. "High-Low Tech" атты техноблог аясында Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) ғалымдары үй жағдайында қолдағы бар заттардан толыққанды сөйлесуге жарамды ұялы телефонды жасап шығарды. Бұған қоса, жас ғалымдардың айтуынша, осы техно құрылғыны қайта жетілдіріп, өз қалауыңызша оның техникалық мүмкіндіктер аясын кеңейте аласыз. Егер бәрі ойдағыдай іске асырылса, бұл телефондарды өндіріске де шығаруға болады. Құрылғыны құрастыруда қарапайым адам қандай қиыншылықтарға топ болады? Гаджетті құрастыру үшін шамамен қанша қаражат керек? Техникалық құрылғыны құрастыруда нені білу керек? 

Тәжірибе нәтижесінде толыққанды жұмыс істейтін ұялы телефон пайда болды. Құрылғы  160х128 нүктелер шешуі бар 1,8-дюймді TFT-дисплеймен жабдықталып, GSM-операторларының барлық SIM-карталарының бәрімен жұмыс істей алады. Байланыс SparkFun Electronics компаниясы ұсынған SM5100B модулі арқылы жүзеге асырылған. Телефонның сыртқы панелі жұқа тақтадан жасалынып, пернелер лазердің көмегімен кесіліп, дайындалды. Пернелерді оңай басып, операцияларды жасай аласыз.

Құрылғының бастапқы бағдарламасының көмегімен тек дауыспен әңгімелесу қарастырылған. Өндірушілердің сөздеріне сенетін болсақ, бағдарламаның жаңа нұсқасын орнату арқылы телефонның функционалдылығын айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік бар. Техно гаджетті құрастыру үшін 150 АҚШ доллар шамасында қаржы керек. Жоба авторы Дейв Мелис.
Бірақ, 150 доллар деген тым қымбат емес пе? Иә, бұл рас. Дегенмен, өз қолыңызбен жасаған телефонға не жетсін?..

Суреттер:3dnews.ru