- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Өзі ағытылып-тарылатын смарт...
Өзі ағытылып-тарылатын смарт белдік
Фото:
www.mobihealthnews.com
Belty Good Vibes – жаңадан құрастырылған смарт белдік. Француздардың "Emiota" компаниясы ойлап тапқан бұл смарт белдік сіз үшін бар ыңғайлы жағдайды жасайды.
Белдіктің ерекшелігі сол, сіздің беліңізге тағылғаннан кейін қысылып тұрғаныңызды немесе еркін тұрғаныңызды анықтай алады. Адамның қимылы мен өзін қалыпты сезінуі үшін арнайы жасалған белдік, отырған кезде, тұрған кезде, ас ішіп болғаннан кейін, тағы сондай қажеттілік туындайтын сәттерде өздігінен кеңіп, тарылып отырады. Бұл оның ішкі құрылымына жасақталған механизм. Көпшілік ортада белдікті ұстап немесе оны қайта шешіп, қайта тағудан қысылсаңыз смарт белдік сіз үшін бәрін өзі жасайды. Технология дамыған сайын адамзат баласын таң қалдырумен келеді.
М. Ақан