Ойыншық көліктердің саяхаты

Ойыншық көліктердің саяхаты

Юра деп аталатын шағын кантонда өскен швейцариялық фотограф Ким Леуенбергер саяхаттауға өте құмар адам. Және барған жерінің бәрінде ол өзінің сүйікті ойыншық көліктерін суретке түсіреді жалықпайды екен.  Ойыншық көліктерді суретке түсіру арқылы ол өзінің  көргендерінен алған көңіл-күй мен сезімдерін көрерменге жеткізуге тырысады.

Массагет Испанияда, Ұлыбританияда, Грекияда және Италия жерлерінде түсірілген «Саяхаттаушы автокөліктердің шытырман оқиғасы» сериясынан фотографтың бірнеше суретін таңдап, оларды назарларыңызға ұсынбақ.

Volkswagen Type 2 фургоны Испанияда нақтырақ айтар болсақ, каталондық Aiguamolls de l'Alt Empordà табиғи саябағы маңында түсірілген. Саябақ 1983 жылы ашылған және бүгінде 4800 гектар жерді қамтиды.

«Саяхаттаушы автокөліктердің шытырман оқиғасы»-нда ең көп кездесетін кейіпкерлерінің бірі саналатын «Фольксваген Жук» лондондық кеспе тастардың үстінде түсірілген.

Бұл жолы Лигурия аймағында орналасқан  итальяндық Камольи қалашығына (халық саны 5,5 мың адам) сапар шеккен «Жук».

Ұлыбритания. Күз, солған жапырақтар және үстінде жалауы желбіреген классикалық MINI.

Орман пейзажы, бенгал оты және шағын Volkswagen фургоны – бұл фотосурет автордың The Samples тобының Could it be Another Change әнін тыңдаудан соң туған.

Лондон қаласында түсірілген тағы бір сурет: Весминстерлік сарайдың сағат мұнарасы сондай-ақ Биг-Бен ретінде де танымал ғимарат фотосуретке фон ретінде алынған.

Санторини деп аталатын грек аралында орналасқан Оиа қаласының фонында түсірілген «Жук».

Орын ауысу: Шағын Эйфел мұнарасы классикалық «Жук» фонында.

Есіктерінде «Полиция» жазуы мен төбесінде дауыс зорайтқышы бар «Мини» түнгі Базель көшелерінде.

Шағын Volkswagen фургоны Жерорта теңізі жағалауында: Испания, Каталония.

Мұхит, толқын, серфингке арналған тақтай мен Volkswagen Type 2.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

Ж. FM