Жеңілдетілген несие беру бағдарламасына орай, отандық көліктер сатылымы наурыз айының статистикалық нәтижесімен салыстырғанда 31,1%-ға артқан. Бұл туралы Қазақстандық Автобизнес Ассоциациясы мәлімдеп отыр.
Ресми ақпаратқа орай, наурыз айында елімізде 8392 көлік сатылған болса, сандық көрсеткіш сәуір айында 9573 данаға жеткен. Осылайша, отандық көлік нарығы 14,07%-ға өсіп отыр.
Сонымен қатар, Renault, Toyota, Subaru, Geely, Iveco, Volkswagen сынды брендтердің өнімдерін құрастыруда біраз өзгеріс байқалады. Себебі жыл басында шығарылған көліктер саны 34981 данаға жетіп, айтарлықтай өсімді сәуір айында көрсетіп отыр. Ал бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда 13807 данаға аз, яғни нарық 28,29%-ға төмендеген.
Айта кетсек, биылғы жылдың сәуір айында 1168 көлік құрастырылыпты. Соның ішінде Hyundai Elantra, Toyota Fortuner, SsangYong Nomad, Skoda Rapid, Iveco 682 Tipper, Peugeot 301 атты көлік маркалары белсенділік танытып тұр. Оған қоса, Ресейден импортталатын көліктердің көрсеткіші де артқан. Нақтырақ айтар болсақ, өткен аймен салыстырғанда, 8,33%-ға көбейіпті. Ал көліктің нарықтағы орташа бағасы әзірге өткен жылғымен бірдей болып отыр (18887 АҚШ доллары).
Ұқсас жазбалар:
Жапондар ауамен жүретін автомобиль жасап шығарды
Hyundai Motor 2580 көлігін кері қайтармақ