Ноутбукты теледидарға қалай қосуға болады?

Кейде сүйікті фильміңізді үлкен экранда көргіңіз келгенде немесе компьютердегі жұмысыңыздың қолайлы болуы үшін оны үлкендеу мониторға қосқыңыз келгенде мына әдіс сізге пайдалы болмақ. Олай болса, ноутбукты теледидарларға қосудың негізгі жолдарын қарастырып көрелік.

Ноутбукті теледидарға S-Video арқылы қосыңыз

S-Video порты барлық ноутбукта болады. Расында, аталған бағдарлама жоғары сападағы көрсетілімді (HD сападағы) қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті, дыбысты қосу үшін тағы да бөлек аудио кабельді қолдану керек (3,5 мм кабельді тасымалдағышты ноутбукке құлаққап ретінде, ал сосын екінші жағы теледидардағы аудио кірісіне жалғанады).

Теледидардың артқы бетінде S-Video порты немесе SCART кірісі болуы тиіс. Ал S-Video кабельдерін екі жақтағы керекті қосымшаларына қосу керек болады. Егер теледидарда S-Video порты жоқ болса, оған қосымша SCART тасымалдауышын сатып аласыз.

Ноутбукты теледидарыңызға VGA арқылы қосыңыз

Барлық ноутбукте ақпараттық қызметті үздіксіз тасымалдау үшін мониторға қосатын VGA тетігі болады. Сонымен қатар, сол тетік еш қиындықсыз теледидарға да қосылады. Егер теледидардың көлемі онша үлкен болмаса, VGA кабелі мен аудио тасымалдағышы сізге HD сападағы көрсетілімді қамтамасыз ететін болады.

Егер ол тетік теледидарыңызда жоқ болып шықса, VGA конвертерін сатып алып, оны S-Video қосалқысы ретінде қолдануға болады.

Ноутбукті теледидарға HDMI арқылы қосыңыз

Егер екі жақта да HDMI порты бар болса, сізге ең оңай қосылу жолы осы болмақ. Қосылу үшін HDMI кабелін сатып алсаңыз болғаны.

Егер теледидарда DVI-D порты ғана жұмыс істейтін болса, сізге HDMI — DVI-D портын сатып алуға тура келеді.

Ноутбукты теледидарға кабельсіз қосыңыз

Бұл соңғы кезде кеңінен қолданылып жатқан жолдардың бірі. Бұған Q-Waves Wireless USB AV комплектісін сатып алу керек. Қосалқы құрылғы VGA немесе HDMI порттарына арнайы өзінің кабельдері арқылы қосылады. Ноутбукке арнайы USB адаптер жалғанады. Ал оның қызмет көрсету радиусы 10 метрді қамтиды. Ақпарат өткізгішінің қолайлы жұмыс жасауы үшін адаптер сол бөлмеде болғаны абзал.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/qQo6fgJ6eqU","width":"450","height":"255"});

Сонымен, біз ноутбуктің теледидарға қосуға болатын бірнеше жолдарын қарастырдық. Ал тұтынушыға тек таңдау ғана қалды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.intel.com