- Негізгі бет
- Шолу
- Нокианың бас мекемесі...
Нокианың бас мекемесі сатылуы мүмкін
Нокиа компаниясы сатылуы мүмкін деген болжам хабарлар жыл соңына қарай біраз елдің құлағын шулатты. Финляндия астанасы Хельсинки қаласында орналасқан, болат сым-темір мен айнадай әйнектен жасалған бас мекеме 256 миллион мен 384 миллион доллар аралығында сатылуы мүмкін.
Нокиа компаниясының мәлімдемешісі 3 желтоқсанда былай деген болатын: "Компания жарты мүлкін саудаға салуы мүмкін. Мұның ішінде бас мекеме де бар".
Ол жақында тілшілерге берген сұхбатында «Нокиа компаниясының бас мекемесі ешқашан Финляндиядан көшіп кетпейді. Қазірге мұндай жоспар жоқ» деді.
Бұл компания ұзақ жылдар бойы әлемдік телефон базарының тізгінін ұстап келген болатын. Тек соңғы жылдардағы бәсекелестік бұл ірі компанияны барынша құлдыратып жіберді. Әлемдік телефон базарының 55%-ын иеленген Нокиа қазір 10%-ға да жетпей қалды. Компанияның зияны әлдеқашан 3 миллиард евродан асып, әлемнің жер-жеріндегі мыңнан аса кәсіпорнын жабуға мәжбүр болған еді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет:article.wn.com
Қ. Қауымбек