Нидерландыда "ақылды жол" салынбақ

Нидерландыда "ақылды жол" салынбақ

Dutch Design Awards көрмесі кезінде голландиялық Roosegaarde атты дизайн-студиясы мен Heijmans Infrastructure компаниясы бірігіп ақылды жол жобасын көрсетті. Жоба авторларының айтуы бойынша, болашақтың жолы жүргізушілерді ауа-райы жағдайы мен дұрыс бағытты таңдауға көмектеседі екен. Магистральдың алғашқы бөлігі келер жылдың ортасына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

44444

Ақылды жол концепциясы бірнеше элементтен тұрады: Glow-in-the-Dark Road (Қараңғыдағы жарық жолдар),  Dynamic Paint (Активті бояулар), Interactive Light (Интерактивті фонарь), Induction Priority Lane (Индукционды қуатты жолсызықтар) және Wind Light (Жел фонарі).

9999

Жолдың беткі қабаты трасса контурын 10 сағатқа дейін жарықта ұстайтын арнайы фотолюминесцентті ұнтақпен жабылады. Dynamic Paint атты жабынды жолды әртүрлі ауа температурасы кезінде көзге көрінетіндей етеді. Interactive Light интерактивті фонарі жүргізушіге жақын жерде көлік келе жатқанын алдын ала хабарлайды. А Wind Light болса, желді, дауылды күндері іске қосылып, жүргізушінің жолда еркін жүруіне көмек береді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет