Pew зерттеу орталығы жасөсірімдер арасында сауалнама жүргізіп, негізгі әлеуметтік желіні анықтады. Оның нәтижесі бойынша, әлем жасөспірімдері YouTube каналында көбірек уақыт өткізеді екен. Сауалнамаға қатысқан 13 пен 17 жас аралығындағы жастардың 85 %-ы осындай көрсеткіш беріп отыр. Одан кейін, инстаграм (72 %) мен снэпчат (69 %) орналасқан. Бір қызығы, қазіргі таңда смартфон пайдаланатын жасөсіпірімдер 95 %-ды құрап отыр. 2015 жылы тек 73 % ғана телефон ұстайтын болған. Сауалнамада өз пікірін білдіргендердің 45 %-ы үнемі онлайн отырады екен.