- Негізгі бет
- Шолу
- Motorola мен LG...
Motorola мен LG "ақылды" сағаттарын таныстырды
Motorola мен LG компаниялары бір уақытта LG G Watch және Motorola Moto 360 «ақылды» сағаттарын жарыққа шығарды. Қос өнімнің екеуі де Android-тың қолға тағатын құрылғыларға арналған Android Wear нұсқасымен жабдықталған.
Әзірге екі компания да өз девайстарының бірде-бір сипаттамасын жариялаған жоқ. Алайда екі құрылғының да Google корпорациясымен бірлесіп жасалғандығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ сағаттарда «OK Google» құпия сөзінен кейін дыбыстық басқару мүмкіндігін қолдануға болады.
Сағаттар сыртқы дизайны жағынан бір-біріне ұқсамайды - Motorola Moto 360 гаджетінің түрі классикалық қол сағаттарына тән дөңгелек болып келсе, LG G Watch корпусы тік бұрышты етіп жасалған. Ал функционал жағынан екі өнім бір-біріне өте жақын.
Google таратқан ақпарат бойынша, Asus, HTC және Samsung сияқты басқа компаниялар да қазіргі таңда осы Android Wear операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын құрылғыларды құрастырумен қызу айналысу үстінде екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: iliputing.com
Б. Қосмағамбет