Соңғы кездері iPhone, iPad секілді гаджеттердің өзіндік тұжырымдамалық нұсқасымен әлемнің түрлі дизайнерлері көпшілікті қуантып жүр. Алайда, олардың туындыларына қаншалықты қызығып қарағанмен, мөлдір планшеттің немесе смартфонның жарыққа шығар күні әлі де алыс. Дегенмен, дизайнерлердің туындыларын қарап отырып, болашақта "Мөлдір iPad қандай болар екен?" деген сауал туары сөзсіз.
Рикардо Луис Монтейро Афонсо есімді дизайнер қырлары металдан жасалған мөлдір iPad жасады. Сонымен қатар, ол тұжырымдамалық нұсқаға Home батырмасы мен планшеттің екі жағына да орналасқан iSight камерасын орнатқан екен.
Аталған маңызды элементтерді орнату үшін дизайнер құрылғының төбесі мен астына металл қолдануды ұйғарған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/lEBS0s3kXqg?hl=en_US","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет:hi-news.ru