Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі шілденің 10-18 аралығында жоспарлданған Алматыда телерадио хабар таратуды тоқтатуға рұқсат бермеді.
Осы орайда, "Көктөбе" телерадио станциясының басшысы Сергей Заднепровский: "Осы периодта сандық телерадио хабар тарату жүйесін енгізуді жоспарлаған болатынбыз. Дегенмен мәдениет және ақпарат министрлігі хабар таратқыштарды өшіруге рұқсат бермеді. Бұл жұмысқа енді қашан кірісетініміз белгісіз", - деп сұхбат берді.
Естеріңізде болса, бұған дейін шілденің 10-18 аралығында Алматыда телерадио хабар тарату тоқтатылатындығы туралы айтқан болатынбыз. Осы күндері эфирлік "Мир", "Астана", "Қазақстан", НТК, КТК, "Ел Арна", "Первый канал Евразия", "Хабар", "Алматы", "ТАҢ", "HIT TV", "31 канал", СТВ, Жетінші арна телеканалдары мен "Қазақ радиосы", "Шалқар", Classic, "Тенгри FM", "NS радиосы", "Русское радио Азия", "LOVE радио", "Европа +Қазақстан", "Energy радиосы", "Ретро FM Қазақстан", "Авторадио", HIT FM радиостанциялары жұмыс істемейтіндігі ескертілген.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: proskurin.ucoz.kz