- Негізгі бет
- Шолу
- Минимализм стиліндегі логотип...
Минимализм стиліндегі логотип трендке айналды
Минимализм стилі қазір трендке айналды. Жастарды жылтырдан гөрі, аз ғана түспен нақты ойын жеткізе алатын көріністер қызықтырады. Мына логотиптер өз мекемелерінің қаншалықты дамығанын көрсететіндей. Қалай ойлайсыз?
Әлемдік иттер көрмесі – жылына бір рет өткізілетін ең ірі көрмелердің бірі. Бұл көрменің бағдарламасы екі-үш күнге дейін созылады. Бұл шара "көрме" болып халыққа тарағанымен, бұнда ең мықты иттерді анықтайды. Олардың жылдамдығын, сұлулығын, жүрісін, тіпті иесімен қарым-қатынасын саралап, түрлі номинация бойынша марапаттайды.
Әлемдік шарап фестивалі – Францияның Бордо қаласында өтетін бұл фестиваль шарапты жасаушылар мен оны тұтынушылар үшін үлкен мереке. Бүгінде дәстүрлі шараға айналған фестивальге қатысуға әлемнің түкпірінен мыңдаған адам келеді.
Кино кафе – кофе, сусын ішіп рахаттанып, фильм қарап сергіп қалатын арнайы орындар әр қаладан табылары сөзсіз.
Ерлер шаштаразының қыздардан айырмашылығы онда маникюр, педикюр жоқ. Есесіне сақалыңызды әрі мұртыңызды қалыпқа келтіре аласыз.
Қысқаметражды фильмдер фестивалі 1979 жылдан бастап Францияда өткізіледі. 1988 жылдан бастап қана әлемдік деңгейді иемденді.
Горький атындағы кітапхана Пермь қаласында орналасқан кітапхананың қолданушысы 33 мыңға жеткен. 180 жылдық тарихы бар кітапхананың қоры да, берері де мол.
Жануарларға арналған тамақтар дүкені – үйіңіздегі кішкентай серігіңіздің ең сүйікті орны. Қызықты жасалған логотип адам назарын бірден өзіне аударары сөзсіз. Әсіресе, сүйкімді заттар қызықтырса, бұл дүкен желісінің қолданушысы боларыңыз анық.
"Мәңгілік ел" идеясының логотопі де минимализм стиліне жатады. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамытуды көздейтін бұл идеяның көрінісін сипаттайтын белгіде көк түс пен ақ түс үйлесім тапқан.
Т. Есқали