Миллиардерлер айдайтын автокөліктер...

Миллиардерлер айдайтын автокөліктер...

Егер иелігіңізде миллиардтаған долларлар болғанда, қандай автокөлікті иемденуді қалар едіңіз?

Forbes журналының деректеріне сенер болсақ, мексикандық телебайланыс алыбы Карлос Слим Хелу әлемдегі ең бай адам болып саналады. Сәйкесінше ол өз жұмысына құны 300 000 АҚШ доллары болатын Bentley Continental Flying Spur көлігімен қатынайды екен. 

Таза табысы 22,3 миллиард долларды құрайтын Үндістан төрағасы Мукеш Амбани Forbes-тың мәлімдеуінше, Үндістанның ең дәулетті милиардерлер қатарында. Ол ең керемет көліктердің бірі Maybach 62-мен жүреді-міс, сондай-ақ, оның иелігінде Mercedes S және Mercedes SL500 автокөліктері де бар. 

Майкрософт ("Microsoft") компаниясының негізін салушы - Билл Гейтс жұмысына Porsche 959 Coupe-мен қатынайды. Бүгінге дейін аталған көліктің жалпы 230 үлгісі жасалған және олардың әрбірінің құны 200 000 доллар. 

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің Шық бермес Шығайбай екені жасырын емес. Ол ең арзан көліктердің бірі - Acura TSX иемденген. Оның құны бар болғаны 30 мың доллар. 

Тағы бір "қарапайым" миллиардер Стив Балмер 30 мың долларлық Ford Fusion көлігімен жүретін көрінеді. 

Уоррен Баффеттің көлігі - Cadillac DTS. "Business Insider" журналының ойынша, Баффет мырза аталған көлікті General Motors компаниясына қолдау көрсету мақсатында сатып алған.  Автокөліктің құны 50 000 доллар.

Google-дің атқарушы төрағасы Эрик Эммерсон Шмид табиғатты жақсы көретіні соншалық, ол тіпті экологиялық жағынан әлемдегі ең таза  көліктердің бірі Toyota Prius-ті сатып алуды жөн көрген. Құны 28 мың доллар. 

Forbes журналының айтуынша, Ikea-ның негізін салушы Ингвард Кампард 28 миллиар доллардың қожайыны болуға өте жақын екен. Дегенмен, ол әлем миллиардерлерінің арасында ең қарапайымы деуге әбден лайық. Неге десеңіз, егер оның көлігін сатса, оның құны 1,500 доллардан аспайтын болады. 

Nike компаниясының құрушыларының бірі және оның қазіргі төрағасы Фил Найттың иелігінде су жаңа Audi R8. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com, horofun.com

Ж. FM