Мидың есептейтін бөлігі белгілі болды

Мидың есептейтін бөлігі белгілі болды

Стэнфорд университетінің ғалымдары адам миының есептеуге жауап беретін бөлігін тапты.

Зерттеушілердің айтуынша, адам арифметикалық есептеулер жүргізе бастағанда адам миының белгілі бір нүктесі қызу жұмыс істей бастайды. "Іске қосылатын ми бөлігінің диаметрі 5 миллиметрден артық емес", - деді олар.

Бұл фактіні анықтау үшін Джозеф Парвизи бастаған бір топ ғалымдар эпилепсияға шалдыққан еріктілерді тәжірибе астына алған. Мамандар олардың миының беткі қабатына электродтар орнатып, осылайша, бас миының әрбір бөлігіндегі белсенділікті анықтады.

"Алдымен еріктілерге құр әріптер мен сандарды көрсеттік. Содан соң бұл сандарды әріппен жаздық, мысалы 22-нің орнына "жиырма екі" деп. Cодан соң, бұл сандарды ауызбен айттық. Тәжірибе нәтижесінде еріктілерге сан көрсетілген кезде миларының самай бөлігінде белсенділік байқалды. Ал бұл сандарды әріппен жазып көрсеткенде немесе аузызбен естіртіп айтқанда, бұл бөліктегі белсенділік күрт төмендеді", - деді зерттеушілер.

"Сан нүктесінің" табылуы болашақта қарапайым есептеу жұмыстарын жасай алмайтын адамдарды емдеуге мүмкіндік береді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pikabu.ru

Massaget