Металл сынықтарынан жасалған Lamborghini Reventon суперкары

Металл сынықтарынан жасалған Lamborghini Reventon суперкары

Қытайдың Джангсу провинциясында тұратын 28 жасар механик металл сынықтарынан бағасы 2 миллион доллардай тұратын Lamborghini Reventon суперкарының көшірмесін құрастырып шықты. Бұл туралы The Daily Mail газеті жазады. Шебер жігіт өз туындысын дүниеге әкелу үшін бар болғаны 9,5 мың долларға шығындалған екен.

1

Автомобильдің дөңгелектері белгісіз Nissan минивэнінен алынса, ал күштік қондырғы ретінде Volkswagen Santana көлігінің (1981-1988 жылы Қытай нарығына арналып шығарылған VW Passat B2 көлігінің нұсқасы) моторы қолданылған. Әзірге көлікке шамдар мен әйнектерден бөлек, экстерьер мен интерьердің кейбір элементтері қойылмаған. Десек те жоба авторының сөзінше, қазірдің өзінде автокөлік сағатына 255 шақырым жылдамдықпен жүйітки алады.

2

4

Lamborghini Reventon суперкарының көшірмесін жасаушы жігіттің сөзінше, ол автокөліктерге бала кезінен бастап қатты қызыққан, ал 16 жасында автомеханик мамандығын таңдаған екен. Жас жігіт өзінің жеке көлігін құрастыру бұрыннан бергі басты арманы болғанын айтады. Ал келешекте ол автокөлік шығаратын өзінің жеке компаниясын ашуды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ©Reuters 

Б. Қосмағамбет